Практикалық журналистика 3.0

базалық білімнен ары қарайғы
журналистиканың онлайн-курсы.

Бұл курстан мен не біле аламын?

  • Әлеуметтік тақырыптарды қалай жазу керек?
  • Data-журналистика деген не?
  • Конфликтілер туралы қалай жазу керек?
  • Фактчекинг деген не?
  • тағы басқа тақырыптар

Курс кімдерге арналған?

Қызметін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген журналистерге, оқытушыларға, медиа тренерлерге, БАҚ қызметкерлеріне, сондай-ақ, ақпараттық салаға қызығушылығы бар баршаға арналған.

Курсты жасауға кімдер қатысты?

Онлайн және мерзімді басылымдарда қызмет ететін, телевидениеде, басқа да ақпарат құралдарында жұмыс істейтін қазақстандық және шетелдік журналистер.

«Қазақстандағы практикалық журналистика» кітабының үшінші басылымы ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар кеңсесі және Қазақстандағы Конрад Аденаэур атындағы қордың қаржылай қолдауымен жарық көріп отыр. Бұл оқу құралындағы пікірлер, тұжырымдар мен ұсыныстар авторларға тиесілі және олар донорлардың, жоба демеушілерінің және «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығының ұстанымына сәйкес келуі міндетті емес.

«Практикалық журналистиканың» бұрынғы нұсқалары туралы

Алғашқы басылым 2006 жылы Сорос-Қазақстан қорының, Алматыдағы ЕҚЫҰ орталығының, Қазақстандағы Hewlett Packard компаниясы өкілдігінің, «ЦентрКредит» банкінің қолдауымен 2006 жылы шықты. Таралымы – 3000 дана.

Екінші «Практикалық журналистика» басылымы 2008 жылы 3000 данамен, Сорос-Қазақстан қорының және Алматыдағы ЕҚЫҰ орталығының қолдауымен жарық көрді. Оның онлайн нұсқасы келесі сілтемеде

Оқу құралдары кітапханаларға, жоғары оқу орындары мен редакцияларға жіберілген.