Әлеуметтік тақырыптағы материалдарды қалай әзірлеу керек?

Автор: Гүлнарa Бажкенова

Esquire.kz сайтының шеф-редакторы

Америкалық журналист Марта Геллхорн – ХХ ғасырдағы Америка қоғамына ең көп ықпал еткен бес журналистің бірі. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әскери журналист ретінде аты шықты, ал одан бұрын, Ұлы күйзеліс жылдарында әлеуметтік репортаждарының арқасында танымал болған. Ескі америкалық газеттердің тігінділерін көтерсеңіз немесе оның үздік мақалалар жинағын алып қарасаңыз, біріншіден, жарты ғасыр өтсе де, олардың әлі де қызыты оқылатынын, екіншіден, онда сандар мен деректер келтірілген «фактаж» аз екенін байқайсыз. Батыс әскерінің аса маңызды шабуылы туралы репортажында  Марта Геллхорн материалдың көп бөлігін сол маңдағы ауылдардың балаларына арнайды. Ал президент әкімшілігі және Элеонора Рузвельт өзі аса жоғары баға берген (Марта Геллхорнның саяси карьера жасауға мүмкіндігі бар еді, бірақ ол журналистиканы таңдады) кедейлер мен жұмыссыздар саны туралы, статистикалық деректер де, эксперттердің пікірі де жоқ – олардың орнына очерктерде кедейлер мен жұмыссыздардың өзі сөйлейді. Марта Геллхорн қай кезде де алдыңғы орынға адамды шығаратын. Сөйтіп, тарихта ұлы журналист болып қалды. 

Журналистикада табысқа жеткісі келетіндер үшін бұдан артық мысал жоқ деп ойлаймын.