Интернеттегі жаңалықтар. «Жаға ұстатар» тақырыптар заманында оқуға татитын дүниені қалай жазамыз?

Автор: Вячеслав Абрамов

Vласть интернет журналы, бас редактор

2010-жылдардың ортасы болар, қазақстандық интернет БАҚ оқырман тартудың ең оңай жолы – «жаға ұстатар» жаңалықпен арбау екенін анық түсінді. Сайттар ойнақылық жағынан бәсекеге түсе бастады, тақырыпқа әлдекімнің әрекетіне баға беретін пікірлер шығарылып, мақаланың сапасы назардан тыс қалды. Есесіне, БАҚ жаңалықты қалай жазуға болмайтыны туралы үйренетін көп себеп берді.