Ақпарат көздері: дерекке толы қоржыны

Автор: Сергей Домнин

«Эксперт Казахстан» іскерлік журналының бас редакторы.

Журналистің басты машығы – ақпарат көзін жылдам тауып, сауатты пайдалана білу 

Журналист шынайы оқиғаларды, фактілер мен құбылыстарды сипаттап, түсіндіреді. Сондықтан да, білікті журналист болу үшін жұрттың көбі біле бермейтін оқиғалар, фактілер мен құбылыстар туралы жазу керек. Оның үстіне, редакторлардың көбі әлдекім жасырғысы келетін дүниені ғана жаңалық деп мойындайтыны да бар. 

Журналист қарапайым адамға қарағанда көбірек біліп қана қоймай, дерек көздерін жылдам тауып, сол деректерді бір-бірімен байланыстыра білуі де керек. Осы тарау авторының ойынша, журналистің өзге функцияларының бәрі – тек ақпаратты белгілі бір формаға салып, көпшілікке таратуға мүмкіндік беретін техникалық машықтар ғана.  

Сонымен, журналистің ең маңызды міндеті – эксклюзив ақпарат көзін табу. Ал ақпарат көзі деген не, қандай ақпарат көздері бар, оларды қайдан іздеп, олармен қалай жұмыс істеу керек?