Сұхбат жанрының қыр-сыры

Автор: Гүлмира Қамзиева

Internews Kazakhstan, редактор


Сұхбат – баспасөз тәжірибесінде кең тараған байырғы жанрдың бірі. Ағылшын тіліндегі «interview» сөзінен «сұхбат» деп аударылады. Сұхбаттың мақсаты көп – оны  психологиялық, клиникалық, әлеуметтік және зерттеу мақсатында да пайдаланады. Журналистикада сұхбат деп репортер мен сұхбат беруші бір немесе бірнеше адаммен болатын әңгімені атайды.