Әділ Джалилов

MediaNet Халықаралық журналистика орталығының директоры, медиа-тренер, консультант. Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік бітірген, Германияда докторантурада оқыған.

Бірқатар оқыту жобаларының бастамашысы және авторы: «Практикалық журналистика», Медиа Мектеп (тәуелсіз журналистика мектебі), журналистика факультеттеріне арналған журналистік этика бойынша арнайы курс, Internet4U/Интернет Сіздер үшін (компьютерлік және интернет сауаттылық жөніндегі тегін курс) және тағы басқа, сондай-ақ, зерттеу, әлеуметтік зерттеу бағытындағы бірқатар жобалардың авторы.

Vlast.kz бас редакторы, Орталық Азия аймағындағы «Оазис» интернет-журналының Қазақстан бойынша өкілі және редакторы, IWPR Орталық Азия бойынша редакторы (адам құқығын жариялау жөніндегі жоба), «Панорама» газетінің шолушысы болып істеген.