Сергей Домнин

«Эксперт Казахстан» іскерлік журналының бас редакторы.

1987 жылы 6 қарашада Павлодар облысының Екібастұз қаласында дүниеге келген.

2010 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетін бітірген. 2013 жылы осы университетте магистр дәрежесін алған; тарих ғылымының теориялық проблемаларына, экономикалық және әлеуметтік тарихқа маманданған.  

2008-2009 жылдары бірқатар қоғамдық-экономикалық онлайн және офлайн басылымдарда автор («Эксперт Казахстан», Vox Populi, Капитал KZ). 2009 жылы «Эксперт Казахстан» қазақстандық іскерлік журналының командасына қосылып, қазақстандық бизнес бөлімін басқарды. Сәл кейінірек бас редактордың орынбасары ретінде арнайы жобалар сериясына жауапты болды. Жүзеге асқан арнайы жобалар қатарында «Қазақстан: мемлекеттіліктің жүз жылдығы», «Индустриалды республика», «ТКШ жүйесінің реформасы» және т.б. бар.

2015 жылдың қазан айынан – басылымның бас редакторы.

Қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында еуразиялық интеграция, ұлттық өнеркәсіп пен сауда саясаты жөніндегі эксперт ретінде жарияланады. MediaNet ХЖО жанындағы Медиа Мектепте «Ақпарат көздері», «Іскерлік журналистика», «Репортаж» курстары бойынша тұрақты тренер.