Жұлдыз Әбділда

Журналист, медиатренер. 1979 жылы 24 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген. 2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетін, 2002 жылы осы факультеттің магистратурасын бітірген.

2000 жылдан бастап «Түркістан», «Жас Алаш» газеттерінде, «Алқа» журналында. «Өлке» баспасында істеген. «BilimMediaGroup» редакторы болған. Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Сорос-Қазақстан Қоры грантының иегері, Алтынбек Сәрсенбайұлы сыйлығының иегері. «Жас өркен» ЖШС бас директорының орынбасары. 2005 жылдан «MediaNet» ХЖО медиатренер, 2017 жылдан Factcheck.kz редакторы.