Михаил Кольцов

Stopfake.org жобасының администраторы, Могилян журналистика мектебі және DW Academie оқытушысы. Негізінен саяси аналитика, деректерді өңдеу және визуалдау бағытында жұмыс істейді, кәсіби қызметіне, сондай-ақ, цифрлық контентті верификациялау мен фактчекинг кіреді.

2012 жылы Могилян журналистика мектебінде журналистердің компьютерлік сауатын арттырып қана қоймай, хакерлік немесе вирустық шабуылдар жағдайында жұмыс істеуге дайындау мақсатымен журналистерге арналған цифрлық қауіпсіздік курсын қолға алды.

Stopfake.org жобасында алғашқы күннен жұмыс істейді. Цифрлық контентті верификациялау әдістемесін жасауға және техникалық инфрақұрылымын дамытуға қатысқан. DW Academiе дата журналистика және қашықтықтан оқыту жүйесін жасау бойынша әріптестік байланыста.