Асхат Еркімбай

«Мінбер» журналистерді қолдау қоры жанындағы жаңа медиатехнологияларды зерттеу жобасының жетекшісі.

Бүгінгі таңда «Мінбер» қорындағы қызметінен тыс, Асхат Сүлейман Демирел университетінде мультимедиа және дата журналистика, жаңа медиа бойынша дәріс оқиды. MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жанындағы Медиа Мектепте тренер.

«Блог бастайық»,  «Жаңа медиа: монологтан диалогқа», «Мультимедиа анықтамалығы: Справочник по мультимедиа» кітаптарының авторы.

2011 жылы Асхат Вайоминг Университетінде (АҚШ) магистр дәрежесін алды.

Асхат Еркімбай – қазақ тіліндегі танымал блогтардың бірінің авторы.