Мұхтар Сеңгірбай

Халықаралық журналист, саясаттанушы, конфликтолог, саясаттану бойынша философия докторы (PhD).

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды, Грузия қоғамдық қатынастар институтын (Тбилиси) және Абердин университетін (Ұлыбритания) бітірген. «Түркістан» газетінің шолушысы, «Жас Алаш» газеті бас редакторының орынбасары, «Хабар» агенттігінің редакторы болып істеген. Қазақстандағы АҚШ елшілігінде қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесші қызметін атқарған. АҚШ-тағы президент сайлауын, Таулы Қарабақ, Оңтүстік Осетиядағы қақтығыс аймақтарындағы жағдайды жазған. «Этникааралық конфликтілерді реттеу мен алдын алудың технологиясы» монографиясының авторы. Қазіргі кезде Сүлейман Демирел университеті Әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі.