Медиадағы әлеуметтік маркетинг: редакцияға арналған нұсқаулық

Автор: Павел Банников

Medianet Халықаралық журналистика орталығы| Factcheck.kz, СММ-специалист

Әлеуметтік желідегі маркетингтің жалпы ережелері кез келген сала немесе өнім үшін шамамен бірдей болып көрінуі мүмкін. Алайда, сандық медиамен жұмыс істеу тәжірибесі бұл тұжырымды жоққа шығарады. Неге десеңіз, медианың нақты тауары жоқ, олар әдетте қызмет немесе өнімді сатпайды, интернет БАҚ ұсынатын өнімнің тұтынушыға пайдасы қаншалық екенін бағалау өте қиын. Ал ондаған мың ақпарат көзі бар заманда, оның ішінде жүздеген, мыңдаған тақырып ұқсас кезеңде, медианың әлеуметтік желіде өз-өзін көрсете білуі айрықша шешімдерді талап етеді. Көп жағдайда әр БАҚ үшін жеке шешімді қажет етеді. Яғни, бәріне ортақ рецепт жоқ. 


Дегенмен, жақсы жаңалық: медиа өнімдерді өткізудің стратегиясын құрудың жалпы заңнамасы мен рецепттері жоқ емес. Біздің мақаламыз да сол туралы. Бірінші міндетіміз интернет басылымда қызмет ететін СММ маман жұмысының құралдарын көрсету, екінші міндет – СММ маман, редакция және медиаменеджерді бір арнада тоғыстыру. Қазақстанның медианың аудиториямен жұмысы тұрғысынан күллі әлем елдерінен қалыс қалып отырғанын ескерсек, жұмысты соңғысынан бастауға тура келеді.