Халықаралық журналистің жұмысы

Автор: Викинтас Пугачаускас

LRT Television Литва ұлттық телевидениесінде халықаралық жаңалықтардың аға редакторы

Қарқынды жаһандану процесі әр журналисті белгілі бір деңгейде халықаралық санаттағы маман етеді. Қазір кем дегенде ағылшын тілін білмейтін және халықаралық әлеуметтік желілермен жұмыс істеу машығын меңгермеген тілшіні елестетудің өзі қиын. Әйтсе де, халықаралық оқиғалар мен тақырыптар аз ғана журналистің күнделікті жұмысының бір бөлшегіне айналып отыр. Және ол жұмыстың өз ерекшеліктері бар.