Халықаралық журналистің қасиеттері

Келешегін халықаралық журналистикамен байланыстырғысы келетін адамға не керек? Бастысы – энтузиазм, төзімділік және қызығушылық. Әріптестеріңіз сияқты, мақаланы тапсырған соң редакцияның есігін жауып кете берем десеңіз – бұл жұмыс сізге қол емес. 

Халықаралық журналист үнемі дүниеде болып жатқан маңызды дүниенің бәрінен хабардар болып отыруы керек. Ұшақ құлап, келіссөздер бұзылып, төңкеріс жасалатын кез жұмыс уақытымен сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ, халықаралық журналист таңертең жұмысына оқиғаның желісін біліп бару үшін бәрін қадағалап отыруға тіис. 

Кез келген журналист жағдайға бейімделе білуі керек, алайда, халықаралық оқиғалар туралы ақпарат таратқанда бұл әсіресе маңызды. Халықаралық журналист өзіне үйреншікті дүниеден бөлек елдермен, мәдениеттермен істес болады. Оның үстіне, ол түрлі сағат белдеуімен істес болады, бәрін қойғанда, аяқ астынан бір елде дауыл тұрып, Twitter-дегі бір сөзден дүниенің астаң-кестеңі шығуы да мүмкін.

Бір сөзбен айтқанда, халықаралық журналист бәрін жіті қадағалап отыруы және ештеңеге таңғалмайтын болуы керек. Тосынсыйдан сақтануға дер кезінде орындалған «үй жұмысы» да, өз басындағы стереотиптермен күрес және өзіне сын көзбен қарау қасиеті де көмектесе алады. 

Тағы бір маңызды қасиет – ғаламдағы өзара байланыстарды түсіне білу және оларды аудиторияға түсіндіре білу. Журналист әлемнің басқа бір шетіндегі қандай да бір оқиға, тенденция немесе процесс жариялауға лайық екенін жылдам (тіпті лезде) анықтай алу үшін көп машықты меңгерген және көп оқыған болуға тиіс. Сонымен қатар, оқиғаның маңыздылығын ештеңеден хабары жоқ аудитория үшін де түсінікті болатын тілмен, болып жатқан процестің күрделілігін, тарихы мен контексін қоса отырып баяндай білу керек.  

Сондықтан, халықаралық журналист қазіргі әлемдегі түрлі жағдайлармен бетпе-бет келуге үнемі әзір болуы, әр шешім қабылдаған сайын өзінен барынша сапалы әрі салмақты өнім шығару үшін керектің бәрін жасадым ба деп сұрап отыруы керек.  

Өзге салаларда жұмыс істейтін журналистер бомба түсіп жараланған балаларды қалай көрсету керек, қақтығыс туралы хабар таратқанда территория тұтастығы және өзін-өзі тану құқығы принциптерінің қайсысын басшылыққа алу керек, үдере көшкендер туралы айтқанда гуманитарлық құқық ұстанымын басшылыққа ала ма, әлде жергілікті халықтың қауіпсіздігін айта ма, ньюсмейкер өтірік айтып тұрғанын айту керек пе, әлде жай ғана соның сөздерін жеткізе салған дұрыс па деген мәселелерге өмірінде бір рет те тап келмеуі мүмкін. Ал халықаралық журналист осының бәрін бір күнде басынан өткізеді. 

Оның үстіне, дүниежүзіндегі БАҚ беделінен айырылып келеді, әлеуметтік желілерде жалған ақпарат көбейді, ал аудитория бөлініп-жарылып, тек өзіне идеологиялық тұрғыдан жақын ақпаратты ғана тұтынуға бейім болып барады. Қай елде болсын, оқырмандар журналистердің беделіне күмән келтіріп жатыр, ал халықаралық журналист кейде не жақсы, не жаман екенін өзі де түсіне алмай қалатын жағдайға өзгелерге қарағанда жиірек тап болады. Демек, өзінің шешімдері мен сөздерін қорғауға қабілетті болуы керек.