Қорытынды

Халықаралық журналистика – журналистиканың ең қызық, сөйте тұра, ең қиын салаларының бірі. Бұл салада журналистке қойылатын талаптар басқаларына қарағанда қаталдау, бірақ, оның қамту аясы да кеңірек. 

Сөйте тұра, бастысы – кез келген журналист осы жолды неліктен таңдағанын түсіне отырып, өзіне биік талап қойып, аудиторияға биік құрмет көрсете білуі.