Сонда біз өзі не айтып отырмыз? Мына инфографика, таймлайн, карта, слайдкаст деген не? Қазіргі қолданыстағы мультимедиалық форматтар туралы аз-кем айта кетейік. 

Бүгінде ақпаратты визуалдау үшін сан алуан мультимедиалық форматтар да, құралдар мен қосымшалар да көп. Күнде жаңасы шығады, журналистер өзіне керегін таңдап алады. Ал кейбіреулері қиын немесе қымбат болғаны үшін қолданылмай қалады. 

Қазіргі кезде қолданылатын ең танымал деген сервистер мен құралдар: 

Piktochart – деректеріңізді әдемі инфографикаға айналдырыңыз.  Видеосабақ: Piktochart көмегімен әдемі инфографика жасау.

Infogr.am – интерактив инфографика жасаңыз. Видеосабақ: infogr.am сервисі көмегімен деректерді визуалдау. 

Gephi – деректерге арналған «Photoshop» — визуалдауға арналған бағдарламалық жасақтама.

Processing — визуализация жасауға арналған бағдарламалық орта.

Matplotlib —  деректерді екі (2D)  өлшемді графикамен визуалдауға арналған Python бағдарламалау тіліндегі кітапхана.

Tableau Public – деректерді визуалдауға арналған құрал.

Free Vector Infographic Kit – MediaLoot векторлық графика элементтері.

easel.ly – онлайн инфографика жасаңыз. Easel.ly көмегімен инфографика жасау.

Weave – сараптама мен визуалдауға арналған веб-платформа.

iCharts – графиктерді қарапайым жасау.

ChartsBin – визуалдауға арналған веб-құрал.

GeoCommons – картографиялық құрал.

VIDI – деректерді визуалдауға арналған Drupal-модульдер жинағы.

Prefuse – ақпаратты визуалдауға арналған бағдарламалық жасақтама.

StatSilk – картография және визуалдауға арналған бағдарламалық жасақтама.

Gliffy – онлайн-диаграммалар жасау.

Google Chart Tools – визуалдауға арналған құралдар жинағы.

Storymaps.arcgis.com – картаға негізделген мультимедиа тарихын жасау сервисі.  

Timeline JS – таймлиния

historyinmotion.org – таймлиния 

JuxtaposeJS – суреттерді визуалды салыстыруға арналған құрал 

thinglink.com – интерактив фото жасауға арналған құрал

storymap.knightlab.com – интерактив карта 

Dipity — таймлиния