Сандар

Жоғарыда аталған алты сұраққа кірмейтін, алайда, алтауының да жауабы бола алатын, оның үстіне, визуалдауды ерекше қажет ететін нәрсе бар. Ол – сандар. Сан біреу болуы мүмкін, көп болуы мүмкін. Санды қолданып әзірленетін журналистік материал сан алуан: күн саны, сандар мен фактілерді салыстыру, инфографика жасап, деректерді визуалдау, т.с.с. ал осы мақсатта қандай құралдарды қолдануға болады десек: Infogr.am, Piktochart.com, Tableau.public, Easel.ly, кез келген графикалық редактор. 

Осыған байланысты, назарларыңызды инфографика туралы блогтар топтамасына аударғымыз келеді. Бұларды оқып, зерттеу формат пен құралдарды толығырақ түсінуге көмектеседі:

Information Aesthetics – дизайн мен ақпараттың қатынасы.

Visualizing.org – деректер мен дизайн көмегімен күрделі мәселелерді түсіну.

Visual Complexity — күрделі желілердің визуал суреттері көрсетілген ресурс.

Daily Infographic –  күн сайын жаңа инфографика.

GOOD Infographics – GOOD Magazine инфографика бөлімі.

Information Is Beautiful – идеялар, мәселелер, білім, деректер  – бәрі визуалданған.

Infographic of the Day – Fast Company инфографика топтамасы.

FlowingData – деректерді визуалдайтын дизайнерлер мен ғалымдар.

Datastore / Datablog –  Guardian деректер журналистикасы.

Infographics Archive – инфографикасы бар визуал кітапхана.

Infographr – инфографика туралы бар мәлімет.

Video Infographics – видеоинфографика.

Datavisualization.ch – деректерді визуалдау туралы жаңалықтар мен ақпарат.

VisualJournalism –  инфографика туралы 80% жаңалықтар.

Eagereyes – визуалдау және визуал коммуникация.

Amazing Infographics – инфографика ресурсы.

Submit Infographics – инфографиканы бөлісіп, бағалаңыз.

The Infographics Showcase – инфографика және визуалдау топтамасы.

I Love Charts – графиктер туралы Tumblr-блог.

Well Formed Data – инфографика туралы блог.

Best Infographics – қызықты инфографика мысалдары.

Infographic List – инфографиканы жақсы көретіндерге.