Кейіпкер

«Кейіпкерді қайдан іздейін? Көшеден бе?» – деп сұрады менен жазуды жаңа бастаған журналист. 

Бұл сұрақты шеберлік сабақтарында да, редакциядағы күнделікті жұмысымда да жиі естимін. 

Несі бар, көшеден де іздеуге болады, тек, кездейсоқ жолым болар деп үміттенбей, барынша мақсатты әрекет еткен абзал. Сіз қойып отырған мәселенің мәнін ашатын, көрнекі ете түсетін, растайтын тәжірибесі бар кейіпкерді нақты орындардан іздеу керек. Олар жиналатын, мекен ететін, жұмыс істейтін, демалысын өткізетін, көмек сұрайтын жерлерден іздеңіз. Ол үшін кейіпкер қандай әлеуметтік топқа жататынын анықтап алу керек. Жалғызбасты қариялар туралы репортаж жасайтын болсаңыз, әрине, алдымен ойға оралатыны – қарттар үйі; тұрмыстағы зорлық-зомбылық жөнінде жазсаңыз – тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының дағдарыс орталықтары және оларға көмек көрсетумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар арқылы іздеген дұрыс.  

Сондай-ақ, оқиғаның ортасына бару керек. Мысалы, 2013 жылы үкімет бала тууға байланысты берілетін төлем мөлшерін азайтып тастаған кезде, Алматыда жас әйелдер флэшмоб-ереуіл ұйымдастырып, телерепортаждар мен салмақты басылымдардағы мақала авторлары журналистердің кәсіби слэнг тілінде аталатындай «профиль» кейіпкерді сол жерден тапты.  

Бала тууына байланысты берілетін төлем мөлшерін азайту туралы үкімет шешімі – объект – жас аналар – қайда жүреді – ереуіл/перзентхана/балабақша/әлеуметтік желілер

Профильсіз әлеуметтік материал солғын шығады, ал тақырып ашылмай қалуы ықтимал. Кез келген сан, заң, құбылыс, апаттың артында адам тұрады. Журналист сол адамды ірі планда көрсетуі керек. Әңгіме ғаламдық жылу туралы болса, осы табиғи құбылыстың зардабын тікелей тартып отырған халық өкілінсіз материал абстракт және жалпылама болады. Ол халық Гималай немесе Амазонка тұрғындары, полюстегі зерттеуші немесе суғарма суға тәуелді өзбек дихан болуы мүмкін. Елдің солтүстігіндегі өзендерді оңтүстікке бұру жөніндегі Қытай жоспары туралы билік басындағылардың алпауыт жоспарының жолында тұрып қалғандар, ал биржадағы кезекті «қара жұманың» өкінішін кокаиншы-блогердің жеке оқиғасы жақсырақ түсіндіріп бере алады.  Анализ, инфографика, деректер деген жақсы, әрине, алайда, адамсыз оның бәрінің мәні жоқ. Болып жатқан оқиғаның қыр-сырын адамдар мен олардың басынан кешіріп отырған оқиғасынан артық ештеңе түсіндіре алмайды. 

The Guardian өзендерді солтүстіктен оңтүстікке бұру жөніндегі Қытайдың алпауыт жобасына арналған жобасында кейіпкерлер – ұлы өзендердің суы бар тіршілігін, қора-жайы мен тұрмысын жер бетінен шайып кетіп, дымсыз қалған шаруа отбасы. Жоба аясында 345 мың ауылды су шайып кеткен, алайда The Guardian журналистеріне жай ғана сандарды тізіп шығып, өзге деректерді келтіре салу аз. Миллиондаған зардап шеккен шаруа арасынан олар біреуін ғана алып, алдыңғы планға шығарды. 

Тек, бұл ретте қалыптан шықпай қалу қаупі бар: зердеңіз мен қиялыңызды іске қоспасаңыз, жеке адамның жағдайы штампқа айналып кетуі мүмкін. Өз тәжірибеме сүйене отырып айтсам, телевизиядағы жаңалықтардың бәрінде осы жағдай бар – оған форматтың техникалық шектеулері мен уақыт тығыздығы ықпал етеді. 1,5-3 минут эфирде мәжіліс қабылдаған жаңа заң туралы айтып, түрлі көзқарасты көрсететін тәуелсіз эксперттердің пікірін беріп, сол жаңа заңнан пайда көретін немесе зардап шегетін сол бір кішкентай адам туралы айтып үлгеруің керек. Осының бәрін бір күн ішінде жасап, кешкі 21.00-де эфирге шығатын жаңалық сюжетіне сыйғызуың керек. Кеше басқа сюжет жасағансың, ертең тағы басқасын жасайсың. Нәтижесінде көретініміз – даладағы түсірілім, жалпы планда камера алдында жүрген кейіпкер, міне, кейіпкер отбасымен үйінде отыр – бұның бәрі мың рет өткен дүние, әр жолы шығармашылық шешім іздеу керек. Қалыпты көрініс пен қойылымдардан қашу үшін сюжетті алдын ала жоспарлап, дайындалу керек, заң ресми қабылданып, сюжетті эфирге беретіннен бір күн бұрын кейіпкерді түсіріп алған дұрыс. Сонымен қатар, қалыптан тыс кейіпкер тауып, реал уақыт режимінде, кейіпкерді әрекет үстінде түсіру керек: айталық, аспаз болса – асүйде камера алдында оператордың бұйрығын орындап емес, өзінің күнделікті үйреншікті жұмысын істесін, шахтер  болса – жер астына түсіп, кен өндірсін, қасында камера ұстаған журналистер бар-жоғын ұмытып кетсін.  

Интернет пен әлеуметтік желілер заманында, әрине, БАҚ осы бір алып бәсекелесі мен көмекшісінен бас тарта алмайды. Сізге мақала жазуға көмектесе алатын адамдар сізден қол созымда отыруы мүмкін – арнайы топтар мен форумдардың тұрақты қатысушыларымен достасып алыңыз.