Фичер

Фоторепортаждан бөлек, аудиторияға мәселенің төркінін жеткізе алатын басқа да көптеген форматтар бар. Олардың бірі – фичер – кейіпкерлер де, эксперттер де, сыншылар да, автордың дауысы да бар үлкен, терең репортаж. Бұл – нарратив, автордың атынан айтылатын әңгіме. 

Esquire Kazakhstan үшін жазылған «Кулаками не машут» атты мақаламда өзі шыққан әлеуметтік топ үшін революциялық өзгерістерге күш жұмсамай қол жеткізген адамдар туралы айтқым келді. Олар мені ереуілге шықпай-ақ, өзіме құлақ салып, мұқтаждықтарыма назар аударуға үйретті. Олардың жұмыс тәсілі – адвокаси, күнделікті бір тарапта адамдармен, бір тарапта – барлық деңгейдегі – үкіметтен бастап парламент пен әкімдерге дейін – билік өкілдерімен жұмыс істеу. 

Бұл жолы жұмысты деректерді сараптаудан бастадым: қай әлеуметтік топ өзі үшін артықшылықтарға қол жеткізгенін және қай топ керісінше, жағдайын еш өзгерте алмағанын зерттедім. Заңдардағы, қоғамдық пікірдегі, құқық қорғау жағдайындағы өзгерістерді сараптау негізінде біздегі ең ілгері жылжыған топ – жауапкершілігі шектеулі адамдар, атап айтқанда, қоларбаға таңылған мүгедектер деген қорытындыға келдім. Мүгедектердің жағдайы әлі де қиын болып келе жатса да, дәл осы топ өз жағдайын жақсартуға біраз ілгерілеуге қол жеткізген – оны байқау үшін осы ортадағы қарсылық көңіл-күйінің өзгеруін бір шолып шығу жеткілікті. 90-жылдары мүгедектердің ереуілдері тұрақты түрде өтіп тұратын, олар кез келген қарсылық шеруінің алдыңғы сапында тұратын. Кейінірек, 2000-жылдары олар өздерінің қоғамдық ұйымдары арқылы, билікпен келіссөздер жүргізе, заңмен жұмыс істей отырып өздеріне жеңілдіктер, жәрдемақы, артықшылықтар берілуіне қол жеткізе алды. Мысалы, мынандай дерек: жақсы болсын, жаман болсын пандустар ғимараттарды салушылар мен олардың иелеріне пандус салуды міндеттейтін заң шыққаннан кейін салына бастады, ал сол заң мүгедектер ұйымдарының қысым көрсетуімен қабылданды. Олар бұл заңды аса белсенді түрде қолдады, түгел өздері жазып шықты десе де болады. Мен өзі мүгедек бола тұра, Қазақстандағы барлық пандустарды салды деуге болатын адаммен кездесіп, сұхбат алдым. Физика-математика ғылымдарының кандидаты Қайрат Иманәлиев адвокаси, заңдық қарсылық қозғалысының басында тұрған адам.

 Қайрат Иманәлиев кейіпкер болған «Кулаками не машут» атты мақаланы өзге басылымдар көшіріп жариялады, кейбір үкіметтік емес ұйымдар есептеріне кіргізді, оның ізімен мен екі рет ток-шоуға шақырылдым, ал сайтта оны 100 мыңға тарта адам оқыған. Ал айналып келгенде материалдың өзі журналистердің көбі қолын бір сілтейтін, ең қызықсыз саналатын ҮЕҰ тақырыбына арналған болатын. Бірақ мен алдыңғы қатарға цифр, статистиканы, не болмаса, жұлдыздар мен әлеуметтік қорғау министрін емес, адамдарды шығардым.  Осы мақаланы жазу барысында ең қиыны – ЛГБТ-қауымдастығы көшбасшыларын сұхбатқа келістіру болды. Олар адвокаси жүйесінде қарсы – олар үшін өздерінен басқа ешкім ештеңені өзгерте алмайтын сәтсіз тарапты танытатын еді. ЛГБТ мәселелерімен айналысатын ҮЕҰ басшылары асқан құпия шартпен сұхбат берді, бұл жағдай өзі-ақ сөйлеп тұр. Гейлар мен лесбианкалар жұрт алдына шығып, құқықтары туралы айтуға әзір емес, өйткені Қазақстанда ең құқығы аз адамдар – солар.

Өз тәжірибемнен тағы бір мысал келтірейін. Білім беру жүйесі туралы «Мучат в школе» деген шартты атаумен шыққан мақалалар топтамасы. 

Мыналар негізге алынған:

  1. құжаттар; 
  2. сұхбат;
  3. деректерді сараптау.

Құжаттар – халықаралық білім беру саласындағы рейтингтер ұйымы – PISA есептері. Оларда қазақстандық оқушылар дамыған және орташа дамыған көптеген елдердегі қатарластарынан артта қалып келеді делінген.

Бұл есепті Білім және ғылым министрі жария етпеді. Ал менің қолыма жеке байланыс арқылы келіп түсті. Бұл журналист үшін жеке байланыс қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.  

Сондай-ақ, есепке сәйкес, қазақ мектептерінің оқушылары орыс мектептерінің оқушыларынан екі жылға артта келе жатыр екен, ал орыс мектептерінің оқушылары Ресейдегі орыс мектептерінің оқушыларынан қалып келеді. 

Сондықтан, бас кейіпкерді қазақ мектептерінің орыс тілін білмейтін түлектері арасынан іздеуді ұйғардым. Сөйтіп, іріктей отырып, 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының бір ауылында орта мектеп бітірген ҚұртқақызНәбиеваны таптым. Алдымен одан сұхбат алдым, одан кейін әлеуметтік байланыстарын зерттедім. 

Құртқақыз Нәбиева – қазіргі тұратын жеріндегі ортасы – жұмысындағы ортасы – отбасы – бұрынғы сыныптастары

Осы ақпараттың бәрін жинап, сараптау үшін алдымен Құртқақыз қазір тұрып жатқан Алматының шетіндегі Алтынбесік ауылына, содан кейін Мақтаарал ауданындағы шалғай ауылға сапар шегуге, Құртқақыз жұмыс істеп жүрген құрылысқа барып, ондаған адаммен сұхбаттасуға тура келді. Есесіне, нәтижесінде жағдай айқындалды: Құртқақыздың айналасындағы адамдардың бәрі қазақша сөйлейді және орыс тілін білмейді, 80% жағдайда құрылыста қара жұмысшы болып жүр, қалған 20% ыдыс жуушы, жүк тасушы, қарауыл болып жұмыс істейді. 

Осылайша, кез келген әлеуметтік репортаж зерттеу журналистикасының және әлеуметтік зерттеудің элементтерін қамтиды деуге болады. 

Мұндай репортаж әзірлеп, тақырыпты ашу үшін, тақырыпты терең зерттеп, сараптама жүргізу, ең бастысы – өз кейіпкеріңізді табу керек.