Қорытынды

Әдетте жаңалықтар мақалалардан жоғары орналасып, веб-ресурстың шымылдығын ашады және сайттың бет-бейнесін танытады. Сондықтан да, жаңалықтар түсінікті тілмен жазылып, нақты болуы, расталып тексерілуі және жылдам шығарылуы керек. Айналып келгенде, кез келген басылымның ең маңызды бары – беделі, ал сайттың бет-бейнесін танытатын жаңалықтар сол беделді нығайта түсуге қызмет етуге тиіс.