Экономиканың құлдырауы мен өркендеуін қалай қадағалап отыруға болады?

Әр цифрды назарда ұстауға тура келетін жағдайда жұмыс істеп жүрген журналистерге ақпарат ағынын қадағалау қиындап барады. Экономика журналистикасының ең маңызды қағидаларының бірі – цифрлардан қорықпай, оларды мүмкіндігінше бірнеше дерек көзінен қайта тексеріп отыру.   

Экономиканы бірнеше тәсілмен өлшеуге болады. Бастысы – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті ай сайын жариялайтын статистикалық деректердің шығу уақытын өткізіп алмау. Журналистерге көмек болсын деп, ведомство негізгі цифррларды қамтитын ақпараттық материалдардың шығу кестесін жыл басында жариялап қояды. Оның үстіне, Қазақстанның экономикасына жауап беретін Үкіметтегі басты спикерлерді есептен шығарып тастауға да болмайды. Көбінесе, бастапқы ақпаратты сол саланың министрі береді, тек оны ресми жариялар алдында бір тексеріп алу жеткілікті болады.  

Тәуелсіз Қазақстан тарихында экономиканың өсуі алғаш 1996 жылы тіркелген. Ол кезде елдегі ЖІӨ 0,5%-ға дейін өсті. Қазақстанда ЖІӨ ең төмен көрсеткіші 1994 жылы болды. Негізгі көрсеткіштер динамикасы туралы деректерді Статистика комитеті мен Ұлттық банктің сайттарынан on-line алуға болады. Сонымен қатар, Президент пен Үкімет айтатын болжамдарды ескеру керек.   

Халықаралық журналистика тәжірибесінде үкіметтің болжамдары халықаралық қаржы банктері мен қорлардың болжамдарымен салыстырылады. Еуропа қайта құру және даму банкі, Халықаралық валюта қоры, сондай-ақ, рейтинг агенттіктері жыл аяғында немесе басында жариялайтын баяндамаларында ел экономикасы дамуына болжамдарын сипаттап, ЖІӨ өсуі немесе кемуінің негізгі индикаторларын егжей-тегжейлі есептейді.  

Қазақстанның ЖІӨ үшін, жалпы, шикізатқа тікелей тәуелді басқа да кез келген ел үшін лакмус – өнеркәсіптік өндіріс. Елде жүріп жатқан процестерді классикалық түрде түсінетін болсақ, өнеркәсіптік өндіріс құлдыраған кезде ел экономикасы өсу деңгейін көрсете алмайды. Өз кезегінде, халықаралық қаржы қорлары мен банктердің болжамдарына сәйкес, Қазақстанның өнеркәсіп өндірісінің өсуін электр энергиясын тұтыну деңгейінің артуынсыз елестетуге болмайды. 

Экономика дамуына қатысты ұзақ мерзімді трендтерге ие бола отырып, журналистер экономикалық конъюнктура өзгерісін байқауға көмектесе алатын салыстырмалы деректерді қолдану маңызды. Былтыр ел экономикасы өскен-өспегенін есінде сақтамауы да ықтимал оқырманға Қазақстанның ЖІӨ 2009 жылдан бері алғаш рет 2016 жылы 1% ең төмен өсу деңгейін көрсеткенін білу қызығырақ болады. 

Қазақстан экономикасы үшін маңызды әлемдік баға жүйесінде адасып қалмау үшін мынандай қағиданы ұстануға болады: дүниежүзілік биржалардағы мұнай мен басты металдар фьючерстерін күніне кем дегенде бір рет қарап отыру керек. Одан бөлек, әлемдік нарықтардағы жағдайды экспорт тауарларына деген баға трендтеріне болжам жасайтын ірі агенттіктер, оның ішінде рейтинг агенттіктері қадағалап отырады.