Валюта девальвациясын өткізіп алмау үшін не істеу керек?

Тарихи қалыптасқандай, бұрынғы КСРО елдері экспортталатын тауарлар бағасы төмен болғандықтан және көрші елдер экономикасының құлдырауы ықпалымен монетарлық ұстанымдарын өзгертіп немесе түзету енгізіп отырады. Монетарлық саясат ұстанымдары өзгеруінің өзі экономика журналистері үшін жаңалық.  

Қазақстан да бұл үрдістен шыға алмай, 2015 жылы ұлттық валютасын үштен бір мөлшерінде девальвациялап, инфляциялық таргетинг ұстанымына көшті. Шетелдік терминдерді тек елдегі экономистер ғана түсінді. Ал шын мәнінде, Ұлттық банк ең алдымен елдегі баға өсуін белгілі бір өлшем аясында ұстап тұруға және валютаны Қазақстан үшін үйреншікті аяда қолдамауға маңызды шешім қабылдады. 

Түптеп келгенде, Ұлттық банктің жаңа саясаты елдегі инфляция деңгейін бақылап отыратын монетарлық шаралар кешенін көздейді. Сонымен қатар, инфляцияның жоспарланған деңгейін ұстап тұруға бағытталған ақша-несие саясатының негізгі құралы – есептік пайыз мөлшерлемесін ойнату болып отыр. Есептік мөлшерлеменің өзгеру динамикасын Ұлттық банктің сайтынан қадағалап отыруға болады.   

Есептік мөлшерлеменің өсуі банктердегі депозит мөлшерлемесін жоғарылатады және ақшаны жұмсаудан гөрі үнемдеудің тартымдылығын арттырады. Сәйкесінше, есептік мөлшерлеменің төмендеуі коммерциялық банктердегі депозит мөлшерлемелерін төмендетіп, ақша үнемдеудің тартымдылығын азайтады.  

Ұлттық банк жаңа ереже енгізгеннен кейін бірден Қазақстанда 2015 жылы инфляция 13,6%-ға көтеріліп кетті. Қазақстанда инфляция қарқыны өсуінің екі таңбалы мәні 1999 жылы  – 17,8%, 1997 жылы – 11,2%, 1996 жылы 28,7% тіркелген. Ұлттық банктің болжамдары бойынша, кенет өзгеріс болмаса, елдегі инфляцция 2017 жылы 6-8% аясына қайта оралып,2020 жылға қарай жылдық 4% таяуы тиіс. 

Құбылмалы валюта курсы жағдайында дамыған елдерде ұлттық валюта құнын тікелей ресми тағайындау болмайды. Валюта вағамы төмендеген жағдайды сипаттау үшін «құнсыздану», валюта бағамы жоғарылаған жағдайды сипаттау үшін «қымбаттау» терминдері қолданылады. 

Ұлттық банк тек жанама әдістермен (валюталық интервенция, ол туралы деректерді Ұлттық банк ресми сайтында ай сайын жариялап отырады) валюта бағамын өзгерте алады. Мұндай жағдайда валютаның құнсыздануы немесе қымбаттауы ресми құжат қабылдануының емес, вадюта құнының нарық механизмдері ықпалымен өзгеруінің нәтижесі болады. 

Ұлттық валюталардың құны өзгеруін есептеуде Reuters қолданатын формула мынадай: 

Айталық, Ұлттық банк теңгенің жаңа бағамын 1 долларға 70 теңге деңгейінде белгіледі, ал бір күн бұрын 50 теңге болған.  

Долларға қатысты теңге қаншалықты құлады?

(70-50)/70*100= 28.57%

Доллар теңгеге қатысты қаншалықты нығайды?

(70-50)/50*100=40%


Сұрақ:

- Теңге долларға қатысты қандай жағдайға түсті?

«30 қаңтардағы KASE саудасы нәтижесі бойынша бір доллардың бағасы алдыңғы сауда сессиясындағы  328,73теңгемен салыстырғанда 326,25 теңге болды».