Ақпарат көздері: анықтама

Терминдер жөнінде бір ауыз келісіп алайық. Халықаралық БАҚ тәжірибесіне сүйене отырып, автор ақпарат – қандай  да бір мәліметті хабарлайтын ұйымдар, жеке тұлғалар немесе бір топ адам (ньюсмейкерлер) бола алады деп есептейді. Әлдеқандай құжат, кітап, картина, видео немесе аудиожазба ақпарат көзі бола алмайды – мұның бәрі тек ақпаратты жеткізудің түрлі құралдары ғана. 

Мысалы: Дүниежүзілік банк жылына екі рет Global Economic Prospects (Ғаламдық экономикалық перспективалар) атты баяндама жариялайды. Әлемдік ІЖӨ және жекелеген елдердің экономикасы қалай өсетіні туралы болжамдарды қамтитын еңбекті дүниежүзі бойынша мыңдаған медиа таратады.  

Беделді ақпарат құралдарының бірі – британиялық ВВС ақпарат көзі ретінде баяндаманың өзіне емес, оның авторы – Дүниежүзілік банкке сілтеме жасайды.