Ақпарат көздерімен жұмыс істеудегі жергілікті ерекшеліктер

Ақпарат көздерімен жұмыс істеудегі ерекшеліктер әр елде БАҚ жұмысын реттейтін жергілікті заң талаптарымен байланысты. Қазақстан заңындағы ақпарат көздерімен жұмыс істеу нормаларының бірнеше ерекшелігін бөліп көрсетуге болады. 

Біріншіден, БАҚ туралы ҚР Заңының 2-бабының 2-тармағына сәйкес, «Мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматты оның құқығы мен мүддесiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндетті». Журналистердің дербес деректерді жинауына рұқсат берілген. Алайда, Дербес деректер және олардың қорғалуы туралы ҚР Заңының сәйкес нормалары бұзылмауы керек.

Осы аталған заңның 18-бабына сәйкес, «Мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар сұратылып отырған ақпаратты өтiнiш түскен күннен бастап үш күннен кешiктiрмей беруге немесе беру мерзiмiн не беруден бас тарту себебiн көрсете отырып жауабын беруге мiндеттi». «Қосымша зерделеудi және тексерудi қажет ететiн өтiнiшке жауап ол келiп түскен күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс» делінген заң бабында. Ақпарат беруден бас тарту жағдайында сотқа шағымдануға болады. Қандай да бір деректердің шығу тегін, олар қай кезде және қай жерде жарияланғаны жөнінде түсінігі бар журналист үшін ақпарат іздеу оңайырақ болмақ. Мысалы, барлық дерлік ашық статистикалық ақпаратты ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің, сондай-ақ, ҚР Ұлттық банкінің сайтынан[m1] , кеден статистикасын – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, құқықтық статистиканы – ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика комитетінің сайтынан табуға болады.  

Ең алдымен, мотор жанармайы өндірісі туралы ақпарат алу үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің сайтына кіруіміз керек.

Содан кейін «Производство продукции обрабатывающей продукции в натуральном выражениидеген Excel форматындағы файлды көшіріп алып, «Топливо моторное» деген жеріне дейін парақтаймыз. Бұл журналиске өндіріс туралы сәйкес статистика алу үшін керек. 

Жанармай импорты туралы ақпаратты ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан алуға болады.

«РК», «Товар-страна» позициялары бойынша файлдарды көшіріп алып, «мотор жанармайы» бойынша деректерді табу. Бұл журналиске ЕАЭО құрамына кірмейтін елдерден импортталатын өнім туралы сәйкес статистика алу үшін керек. 

Содан кейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің сайтына қайта оралып, осы кезең бойынша «Взаимная торговля РК со странами ЕАЭС» бюллетенін көшіріп аламыз.

«Мотор жанармайы» бойынша деректер табу керек. 

Бұл журналиске ЕАЭО құрамына кіретін елдерден импортталатын өнім туралы сәйкес статистика алу үшін керек. ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай өңдеу секторына жауап беретін өкілінің пікірін алу керек.

Нарық қатысушыларының пікірлерін мына сілтемелер бойынша табуға болады: 

«Гелиос» ең ірі жанармай құю бекеттері желісіне иелік ететін компания «Гелиос». 

«Гелиосқа» ең жуық бәсекелес-компания ҚМГ Өнімдері  

Енді қалғаны – тәуелсіз эксперттердің пікірін білу, оларға Мұнай және газ ақпараттық-сараптама орталығының эксперттерін және Ресей мен ТМД елдерінің мұнай өнімдері нарығындағы жағдайды қадағалап отыратын ресейлік КОРТЕС сараптама қызметінің эксперттерін жатқызуға болады.