Ақпарат көздерімен жұмыс істеу жөніндегі практикалық кеңестер

Эксперттердің аты-жөні, лауазымы, телефон нөмірі мен поштасы көрсетілген деректер базасы.  Excel немесе Access бағдарламасында жасалуы мүмкін. Қажет болған жағдайда спикерлерді мамандығы бойынша топтастырып, материал үшін қажет спикерлерді іріктеп алуыңызға болады.  

Ньюсмейкерлердің әлеуметтік желілердегі парақшаларына, пошта таратылымдарына жазылу

Мемлекеттік органдар мен жеке құрылымдар сайттарынан тікелей ақпарат алудың ыңғайлы тәсілі. Бұл ньюсмейкерлердің сізге қызық тақырыптар бойынша белсенділігін қадағалап отыруға, сондай-ақ, тақырыптар топтары бойынша жаңалықтар іріктеп отыруға мүмкіндік береді. 

Бәсекелестерін алға тартып «бопсалау»

Нарыққа шолу жасау және бизнес-қақтығыстарға байланысты жағдайда нарық қатысушыларының бірі оқиға жөнінде пікір білдіргісі келмейтін кездер болады. Әлдене айту ниеті көбінесе осы компанияның бәсекелестері мәлімдеме жасап, пікір білдіріп қойған кезде ғана туындайды. Журналист ньюсмейкерге осыны хабарлауы керек.  

Сенім

Кей кездері журналист ақпарат көздеріне «сыйға – сый, қызметке – қызмет» ұстанымымен қол жеткізе алады. Осының арқасында журналист пен оған ақпарат беруші адамның арасында сенімді қарым-қатынас құрылады. Олқызмет сіздің БАҚ арқылы спикерге қызықты ақпаратты жариялау, сондай-ақ, журналистік қызметпен тікелей байланысы жоқ қолдау болуы да мүмкін. Алайда, журналист ньюсмейкердің қолшоқпарына айналып кетуі мүмкін екенін естен шығармаңыз. Сондықтан, ақпарат көзімен қызметтен тыс қарым-қатынас орнатпай тұрып, журналист одан тәуелсіз болып қалу деңгейін бағалап, редакция саясатын да, өзінің жеке ұзақ мерзімді кәсіби мүдделерін де ескеруі керек. Ақпарат берушінің журналистке сенім білдіруіне оның қандай да бір қызметі үшін алғыс айту емес, кәсіби біліктілігінің жоғары екендігі себеп болуы тиіс.