Практикум

Мына көлемді мәтін – дәстүрлі сараптама контент. Осындағы сараптама контент тұтастай мультимедиа форматына түсуі керек, тіпті оны бұдан да гөрі сараптамалық ете түсуге (мысалы, инфографика көмегімен) болатындай  етіп мультимедиа форматтарына қалай бөліп орналастыруға болатынын ойлап көріңіз (нені мәтін күйінде қалдырасыз, нені видеомен, бәлкім аудиомен бересіз, ал қай тұсын фото немесе инфографика түрінде ұсынар едіңіз). 

(Бұл тапсырманы бірден еңсере алмасаңыз, тарауды аяғына дейін оқып шығыңыз. Әр мультимедиа форматымен жеке танысқаннан кейін осы тапсырмаға қайта оралыңыз).  

Жоғарыда дайын сараптама мәтінді мультимедиалық құрамдас бөліктерге қалай бөлуге болатынымен таныстыңыз. Әрине, ол дәл журналистік тәжірибеге қатысы жоқ көрнекі мысал ғана екені түсінікті. Іс жүзінде мультимедиалық сараптама контентті әу бастан, мультимедиалық сараптама материалға айналдыруға болатын қандай да бір шараның анонсы немесе жаңалық қана бар кезден бастап жасауымыз, яғни мультимедиалық алгоритм құруымыз керек.                                     

Осылайша, мультимедиаша ойлау дегеніміз – алда болатын шараны (немесе шағын ғана ақпаратты) оны жеткізу құралдары – мәтін, текст, видео, аудио, фото, инфографика, тайм-лайн және т.б. тұрғысынан сараптау. 

Оның үстіне, кез келген тақырып бойынша мультимедиалық сараптаманың әр құрамдас бөлігі (фото, текст, аудио, инфографика және т.б.) – толық мағыналы дербес бірлік.