Видео

Видео. Недәуір сұранысқа ие мультимедиа формасы.  

Панорамалық видео. Оқиға орнынан түсірілген, қандай да бір түсіндірмесіз ұғынықты болатын, ең алдымен «көрініске» мән берілетін видео. 

Мысал. Австралия: сауда орталығының үстіне ұшақ құлады.


Оқиғаға қатысушылардың, куәгерлердің немесе эксперттердің пікірі. 

Мысал.  Майданда қаза тапқандардың аналары: «Жаның ауырғанына етің өліп кетеді».


Бобслей (қандай да бір мәселе бойынша тұрғындар арасында сауалнама). Жұртқа қандай да бір мәселеге қатысты бір ғана сұрақ қойылады. Монтаж барысында недәуір қызық деген, жұрттың осы мәселеге қатынасын көрсететін жауаптар таңдап алынады.  

Мысал.  Әлиевтің жұбайы вице-президент болып тағайындалуы жөнінде Баку тұрғындарының пікірі.


Архив видео. Қандай да бір мерейтой, оқиға немесе дәл сол оқиғамен байланыстыруға болатын қазіргі заманғы мәселеге қатысты орынды қолданылады. 

Мысал. Чернобыль атом электр станциясындағы апат, 1986 жыл.


Классикалық телевизиялық жаңалық сюжет.  Мультимедиалық сараптамада сирек қолданылады, өйткені ТВ журналистің кәсіби біліктілігін талап етеді және өндіріске көп уақыт жұмсалады.    

Мысал. Анжелина Джоли отбасы және жаңа фильмі туралы айтады.