Инфографика (ақпараттық графика)

Инфографика күрделі, көпвекторлы ақпаратты мәтіндік сипаттамаға қарағанда жақсырақ әрі жылдамырақ жеткізеді. 

Назар аударыңыз! Басты орында көркемдік емес, ақпараттық сипат тұруы керек. 1-2 сөйлеммен жеткізуге болатын ақпаратты инфографикаға салудың қажеті жоқ. Инфографикада «барынша көп ақпаратты барынша аз уақытта жеткізу/қабылдау» ұстанымы басты орында тұрады. Оның үстіне, ақпарат жеткізудің визуал формасы оны жақсырақ қабылдауға ықпал етеді.  


Инфографиканы мыналарды көрсету үшін тиімді қолдануға болады:  

  • қандай да бір тенденция (перспективада немесе ретроспективада);
  • әлдеқандай бір жұмыстың алгоритмі;
  • оқиғаларды немесе құбылыстарды географиялық тұрғыдан (қала, облыс, ел) салыстыру; 
  • жалпы, үлкен көлемді ақпаратты бір жүйеге келтіру үшін. 


Инфографикада ілеспе мақаласыз да түсінуге болатын, аяқталған мағынасы бар толық ақпарат қамтылуға тиіс. 

Инфографикада дерек көздерін міндетті түрде көрсету керек. Оны астыңғы жағына майда шрифтпен жазуға болады. 

Әрине, инфографиканың визуал бөлімін журналист өзі жасауға міндетті емес (қарапайым диаграммалар болмаса), ол дизайнердің жұмысы. Алайда, журналист бүкіл ақпаратты (сандар, деректер) жинап, жүйелеуге және, дұрысында, идея ұсынуға тиіс. 


Мысал. http://ria.ru/infografika