Аудио

Аудио. Сирек, әдетте, ақпаратты видео форматында жеткізу мүмкін болмағанда ғана қолданылады.

  • өзге қаладағы/елдегі спикердің пікірін алу қажет болғанда;  
  • видеоға түсіру мүмкін болмаған конфликт жағдайында.

Сонымен! Қандай да бір іс-шараға бармас бұрын, қолыңызда азғантай ғана бастапқы ақпарат болса да, өзіңіз үшін мультимедиалық алгоритм құрастырып алуыңыз керек. Бірнеше нұсқасын ойша дайындап алыңыз, сонда оқиға орнына немесе іс-шараға барғанда олардың қайсысы неғұрлым тиімді жүзеге асатынын оңай анықтай аласыз.