Верификация құралдары

Әрине, көрсетілген алгоритмді жүзеге асыру үшін құралдар керек, солардың біразын атап өтеміз. Алдымен, бір ғана міндетті орындау үшін кем дегенде екі құралды қолдану керек екеніне назар аударсаңыздар. Айталық, алыс аймақтағы бір жердің көрінісі қандай екенін тексеру үшін Google Maps пен Яндекс.Карта көмегіне қатар жүгінген абзал. Осылайша, құралдан қате кетуінен сақтанып, түрлі құралдарды қолдану арқылы бірдей нәтиже ала алатыныңызға көз жеткізесіз.


Google.com және Yandex.ru

Қажет ақпаратты табуға мүмкіндік беретін жалпыға белгілі іздеу жүйелері. Екеуінде де кеңейтілген қызметтері бар, солардың көмегімен белгілі бір сайттардан белгілі бір уақыт аралығында жарияланған материалдарды табуға болады. Семантикалық алгоритмдердің дамуы арқасында, сұраныс тілі қаншалықты қарапайым болса, ұсынылатын нәтиже де соғұрлым жақсырақ болады. 


Facebook.com, vk.com және Instagram

Ақпаратты алғаш таратқан адам болып шығуы мүмкін қолданушыны, сондай-ақ, оқиға куәгерлерін табуға көмектеседі. Ақпаратты алғаш таратқан аккаунт бот болуы мүмкін деп күмәндансаңыз, оның профайлын мына параметрлерге сәйкес тексеріңіз: 

  • Аты-жөні өзінікі ме?
  • Ол адам туралы қандай ақпарат белгілі?
  • Аккаунт қай кезде құрылған?
  • Фотосуреттері және белсенділік сипаттары қандай?  

Сонымен қатар, әлеуметтік желілердің түрлі платформаларындағы уақыт қалай көрінетініне де назар аударыңыз, бұл оқиғаның хронологиясын дұрыс реттеуге мүмкіндік береді: 

  • Twitter – уақытты сіздің баптауларыңызға сәйкес көрсетеді.
  • Facebook пен VK – сіздің компьютеріңіз немесе смартфоныңыз көрсететін уақытпен жүреді. 
  • Youtube пен Instagram – тек Pacific Time (-8:00) көрсетеді.


Archive.org/web

Бүкіл Интернеттіңмұрағаты, сондықтан даоны «Уақыт машинасы» депатайды. Жаңалықтар ресурсыныңтарихын, оның қашанпайда болғанын жәнеқандай белсенділік танытатынынтексеру үшін асапайдалы. 


Wolfram Alpha

Есептеме түріндеқұрылған фактілер жинағы. Дата, мекен, ауарайы және кейіпкерлерменжұмыс істеуге ыңғайлы. 


Network-tools.com

Жаңалықтар ресурсыныңиесі туралы деректердіжәне серверінің техникалықсипаттарын анықтауға мүмкіндікбереді. Өкінішке қарай, соңғы кезде оның пайдасы азайып кетті, өйткені фейк ресурстардың иелері өзі туралы ақпаратты ешкімге көрсетпей бұғаттайтын сервистердің көмегіне жүгіне бастады. 


Google Image Search және TinEye

Әлеуметтік желі платформаларындағы фейктердің көбі фотосурет болғандықтан, олардың тарихын осы құралдар көмегімен тексеруге болады. Көбінесе өзге оқиғаға қатысты фотосуреттерді жариялау етек алғандықтан, кері іздеу фотоның алғаш жарияланған нұсқасын тауып, тарихын білуге мүмкіндік береді. 

Фотографияның растығын тексеру кезінде мына сауалдарға мұқият жауап іздеңіз: 

  • Алдыңыздағы сурет түпнұсқа ма? 
  • Бұл фотоны/видеоны кім түсірген?
  • Фото/видео қай жерде түсірілген?
  • Қай кезде түсірілген?
  • Ол неліктен және қандай жағдайда түсірілген? 


Fotoforensics.com

Фотосуреттердің метадеректерін (өкінішке орай, көбінесе олар өшіріп тасталады) сараптауға да, өңдеу белгілерін (көбінесе Photoshop көмегімен) анықтауға да мүмкіндік береді. Файлдарды сараптау алдында модификацияламауға тырысыңыз, әйтпесе нәтиже бұрмаланып шығуы мүмкін.

Фотосуреттің метадеректері мен геотегтері жоқ болса, мына детальдарға мән бере отырып, суреттің қай уақытта және қай жерде түсірілгенін анықтап көруге болады: 

  • Белгілер мен жазулар (телефон нөмірлері, тілі, сайт адрестері). 
  • Суреттегі адамдардың киімі (ұлттық, маусымдық). 
  • Жер бедері (тау, көпір, өзен, ағаш).  
  • Ғимараттар (ескерткіштер, биік ғимараттар, су жинайтын мұнаралар).  
  • Ауа райы (бұлт, тұман, жаңбыр, қар). 
  • Жалау, ту. 
  • Көлік (жол белгілері, ерекше көлік маркалары).


YouTube Data Viewer

Youtube арнасында жарияланған видеоны сараптауға мүмкіндік береді. Өкінішке қарай, әрдайым толық ақпарат бере бермейді, алайда, бұдан өзге жалпыға қолжетімді верификация құралы әлі пайда болған жоқ.