Кіріспе

Шығарылымның реті анықталған соң, компьютеріңізге отырып, келісілген ретпен сюжеттердің кіріспесі мен кадр сыртындағы мәтінді эфир кезінде сіздің алдыңызға суфлерге шығарылатын документке жазасыз. Ақындар шығармасына лайын ырғақ пен өлшемді қалай таңдаса, жүргізушінің де әрқайсысының өз сөйлеу ырғағы болады. 

Айталық, мен диктор ретінде «Ақсудағы ашық тұрған кәріз құдығына бала түсіп кетті» десем, Артур Платонов: «Қаланың ортасында кәріз құдығына түсіп кеткен баланың обалы кімге?» деуі мүмкін. 

Сондай-ақ, редакциядағы әр тілшінің де өз баяндау стилі бар және ол көп ретте сіздікімен сәйкес келмеуі де мүмкін. Автор сюжетін өзіне ыңғайлы ырғақта жазып, дыбыстайды. 

Сонда да, сіз айтатын дүниенің бәрін (кіріспе немесе кадр сыртындағы мәтін) мұқият оқып, хабарламаның мағынасын өзгертпей, өз ырғағыңызға салып алу керек. Ырғағыңызға сай келмейтін, баяндау стиліңізге қайшы мәтінді оқысаңыз, қолайсыздықты сіз ғана емес, көрермен де сезеді. 

Практика

Мәтінді редакциялауды үйрену үшін кез келген ақпараттық порталдағы мақаланы өз ырғағыңызға лайықтап өзгертіп көруді ұсынамын.