Суфлер

Бұл бағдарлама – сіздің бірінші көмекшіңіз. Біз көрерменнің көзіне сенімді қарайтынымыз сондай, көбі әлі күнге дейін біз мәтінді жатқа айтады деп сенеді екен. 

Алайда, тікелей эфир кезінде түрлі күтпеген жағдайлар болып жатады: шұғыл жаңалық келіп қалып, оны параққа басып шығарып әкеп береді, сюжеттердің реті өзгеріп кетеді, суфлер жұмыс істемей қалады, т.б. Бәрін қойғанда, суфлерді тірі адам айналдырып отырады, ал ол сіздің ырғағыңызды «ұстай» алмай қалуы, тіпті, эфир кезінде ауырып, есінен танып қалуы да мүмкін. Сондықтан, мәтінмен жақсы таныс болуыңыз, міндетті түрде мәтіннің қағазға басылған нұсқасы қолыңызды болуы және суфлерден параққа жылдам ауыса алуыңыз міндетті. 

Практика

Интернетте тегін көшіріп алуға болатын бірнеше телесуфлер бағдарламасын табуға болады. Солардың көмегімен суфлерден оқып жаттығуға болады.