Тікелей қосылу

Жаңалықтар барысында оқиға орнындағы тілшімен тікелей қосылу жоспарланған болса, сұрақтардың бәрін алдын ала суфлерге енгізіп қоюдың реті келе қоймас. Парағыңызға қарап отырсаңыз да ештеңе етпейді. Тілшіге қоятын сұрақтарыңызды алдын ала келісіп алған да дұрыс болады. Оны шығарушы редактор келісіп, бекітіп, ішкі байланыс арқылы сізге айтып отыруы мүмкін. 

Тілші жауаптарын алдын ала жазып алуы міндетті емес, оның үстіне, әзірленген мәтінді оқып тұрғанын көрермен байқап қояды. Суырып салуға да орын бар. Алайда, қандай тақырыпта сұрақ-жауап алмасатыныңызды алдын ала белгілеп алу да керек.