Артикуляцияға арналған жаттығулар

Шығарылымға әзірлену барысында міндетті түрде сөйлеу аппаратын дамытуға арналған жаттығуларды орындау керек. 

Сөйлеу аппаратын «оятудың» ең қарапайым әрі жылдам тәсілі – жағыңызды ашпастан қысқа мәтінді оқып шығу. Жағыңыз жабық, алайда ерін, бет, ұрт – бәрі қозғалып тұрады. 

Содан кейін тура сол мәтінді кәдімгідей оқыңыз. Жаттығу жасауды тоқтатпаңыз. Бетіңіз, аузыңыз жүйелі жаттығу жасауды қажет етеді.