Студия

Енді жаңалықтар шығарылымын жүргізу үшін студияға кіруге әзірсіз. Кірісімен, алдымен студияны түгел аралап шығыңыз. Онда өзіңізді үйдегідей жайлы сезінуіңіз керек. Тек, артық сөйлеуге ғана болмайды – микрофон қосулы тұруы мүмкін. 

Алғаш рет күрделі кастингтен өтіп, тікелей эфирге емес, трактіге ғана жіберіліп, студияға кіргенімде, үлкендігінен қорқып кеттім. 

Жарық жүргізушіге түсірілген, ал қалған аумақтың бәрі қап-қараңғы. Даңғарадай студия мені жұтып қойғандай сезіндім. Сонда редактор Ирина Маликова менің күйімді сезіп, студияға «айғайлауға» кеңес берді. 

Түпкі бұрышқа барып тұрып алып, даусым жеткенше айғайладым. Бүкіл кеңістікті даусыммен толтырмақ болып бақыра бердім. Осы бір тәсіл студияға бой үйретуге, өзімді жайлы сезіне бастауыма көмектесті. 

Бұл кеңестерім сіздерге де көмектеседі деп сенемін.

Сәттілік тілеймін!