Глоссарий

КСМ – кадр сыртындағы мәтін: кіріспеден (жүргізуші кадрде) басталады, сценарийдегі ВХОД деген сөзден режиссер видеоны қосады, жүргізуші енді көрінбейді, бірақ дауысы естіле береді – ол мәтінді соңына дейін оқиды. Сценарийдегі ВЫХОД деген сөзде видео аяқталып, жүргізуші қайтадан көрінеді немесе спикердің пікірі беріледі. 

СНХ – синхрон, сұхбат алынып отырған адамның қойылған сұраққа берілген жауабы жазылған видео. 

БОБСЛЕЙ – бір сұраққа бірнеше адамнан жауап алу. 

ХРИП – сауал қойылған адамның телефон арқылы жазып алынған жауабы. Онымен бір мезгілде видео, фотосурет немесе инфографика көрсетілуі мүмкін. 

СЮЖЕТ – толықтай түсірілген, монтаждалған тілші материалы, оқиғаның баяны. Диктор сюжеттің кіріспесін оқиды. 

ТИТР – кадрдегі мәтін, оның көмегімен көрерменге кім сөйлеп тұрғанын (мысалы, Ерлан Сағадиев, Білім және ғылым министрі), оқиға қайда болып жатқанын (геотитр: Астана, Петропавл, Оңтүстік Қазақстан облысы) түсіндіреміз.