Журналистің міндеттері мен құқықтары

Журналистің ең негізгі міндеттерінің бірі – ақпарат тарату. Болған оқиға туралы жан-жақты мәлімет беру. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң бойынша, журналистің ақпарат іздеуге, алуға және таратуға құқығы бар. БАҚ заңының 20-бабында журналистің құқықтары толық көрсетілген. Журналист мемлекеттік және басқа да меншік нысанындағы ұйымдарға барып, ақпарат ала алады. Заңмен тыйым салынбаған болса, аудио, видеожазбаларды жаза алады. Журналист ретінде апат болған жерлерге бара алады, митингілер мен демонстрацияларға қатыса алады. Сонымен бірге, заң бойынша, журналист ақпараттың дұрыстығын тексеруге де құқылы. Дұрыс-бұрыстығын тексеру кезінде кәсіби мамандарға да жүгіне алады. Көріп отырғанымыздай, журналистің құқықтары көп. Сонымен бірге, журналистің міндеттері де бар. Журналист еліміздің заңдарына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді атқаруы тиіс. Шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауы керек.

Журналист өз мамандығына орай қайсыбір оқиғалар, белгілі бір жағдайлар туралы басқалар білмейтін мәліметтерді білуі мүмкін. Мәселен, сізге сенімді ақпарат көздерінен бір мәлімет келіп түсті.