Сенімді ақпарат көзі деген не?  Мемлекеттік органда, халықаралық ұйымда немесе басқа да кез келген мекемеде жұмыс істейтін (немесе істеген) жақын танысыңыз арқылы жеткен ақпарат. Немесе белгілі бір оқиға, жағдай туралы жан-жақты хабардар жекелеген тұлғалар тарататын мәлімет. Кейбір құжаттардың (қаулы, бұйрық, тағы басқа ішкі құжаттар) көшірмесі, скриншоттар. 


Сенсация! Шындыққа жанаспайды деп айта алмайсыз, қолыңызда дәлел бар. Бірақ, соған қарамастан, ол ақпаратты жария етуге болмайтын жайттар болады.