Иә, біз белгілі тұлғалардың өз парақшасында жазған немесе журналистерге берген сұхбатында айтқан қайсыбір мәлімдемелерін, ұстанымдарын жария ете аламыз. Ол адамның қай партияның мүшесі екенін көрсете аламыз. Алайда, «лаңкестердің барлығы осы діни топтан шығып жатыр», «бұл ағымды ұстанатындардың жақсылық күтуге болмайды», «қауіпсіздік орындары мұндай діни фанаттарды тексеруі керек» деген сарындағы жазбалар адам құқығына қол сұғу және арандату екенін ескерген жөн.