Плагиаттан және заңсыз көшіруден қорғану жөніндегі кеңестер:

  1. Журналистік қызмет нәтижесінде жасалған кез келген материал – авторлық құқық нысаны және оны пайдалану мен тарату үшін құқық иесінің келісімі керек. 
  2. Тек ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактілер турады хабарламалар ғана авторлық құқық нысаны болмайтынын есте сақтаңыз. 
  3. Редакциямен еңбек шартын жасайтын болсаңыз, еңбек шартында өзіңіз әзірлейтін материалдардың авторлық құқықтары сақталуы туралы ереже енгізілуін қадағалаңыз. 
  4. Штаттан тыс жұмыс істейтін болсаңыз, тапсырыс берушімен араңыздағы келісім-шартта автордың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғау ережесі енгізілуін қарастырыңыз.
  5. Өзіңіз жазған мәтіннің, түсірген фото, видеоның, жазып алған аудиожазбаның түпнұсқаларын сақтап жүріңіз және авторы өзіңіз екенін куәландыратын деректер мен жазылған күнін бір бекітіп қойыңыз. 
  6. Авторлық құқық нысандарын құқық иесімен келісе отырып, оның рұқсатынсыз және ақы төлемей пайдалануға болатынын да есте сақтаңыз: табыс табу мақсатынсыз, анонс жасау үшін, дәйексөз келтіру үшін, үзінділер жариялау үшін. Табыс табу мақсаты болса, құқық иесінің келісімі керек. 
  7. Журналистік материалдарыңыз заңсыз көшіріліп жарияланбауын қадағалаңыз. Оны жасау қиын емес, тек ақпарат құралдарын тұрақты қарап, тексеріп жүрсеңіз болды. 
  8. Сіз дайындаған материал, түсірген фото не видео заңсыз көшіріп жарияланғанын байқасаңыз, БАҚ редакторына, иесіне, баспагерге ол туралы хабарлап, авторлық құқықтарыңызды кез келген жолмен, соның ішінде сотта да қорғауға әзір екеніңізді айтыңыз. 
  9. Интернеттегі материалдарды заңсыз көшіруден қорғау үшін түрлі техникалық шешімдер де бар. Пайдаланушы келсімінде сайттағы материалдарды көшіріп жариялау үшін құқық иесінің келісімі керек екенін, көшіруге болатын көлемін және бастапқы ақпарат көзіне гиперсілтеме қойылуы керек екенін көрсетіңіз. 
  10. Авторлық құқығы бұзылғаны жөнінде автор немесе құқық иесі өзі шағымдануы керек екені есіңізде болсын. Сондай-ақ, автор және құқық иесі өзінің авторлығын дәлелдеуге әзір болуы керек.