Қысқаша кіріспе

«Әрбір өлтірілген не үрей құшағында қалған журналист – адамдардың аянышты халінің бір куәсі кемігені. Әр шабуыл шындықты бұрмалайды, үрей мен өзін-өзі тежеу жағдайын тудырады».


Барри Джеймс, «Баспасөз еркіндігі: 

Журналистердің қауіпсіздігі мен жазасыздық», 

ЮНЕСКО басылымы, 2002 жыл.

2016 жылғы мамыр. Қазақстанда өткен шерулер кезінде қазақстандық және шетелдік БАҚ елуден астам журналисі тұтқындалды. Олардың бәрі редакциялық тапсырмамен кәсіби қызметін орындау үшін оқиға орнында жүрген. Тұтқындалғандардың бәрі Қазақстанның түрлі қалаларындағы полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Бірнеше сағаттан кейін, еш айып тақпастан, бәрін босатып жібереді.