Неліктен қауіпсіздік мәселелері журналистер үшін маңызды?

2016 жылғы желтоқсан. Журналистер мен азаматтарды жала жабу фактілері бойынша қудалау фактілері артып келеді. Дәстүрлі БАҚ бетінде де, әлеуметтік желілерде де жариялаған, бөліскен жарияланымдары, видео, ақпарат таратқаны үшін бас бостандығынан айыру жағдайлары жиілеп кетті.   

Қазақстандағы пікір білдіру еркіндігін шектеу тенденциялары налытады. Адамдарда пікірі мен сенімін білдіру мүмкіндігі неғұрлым азырақ болуы үшін қолдан келгеннің бәрі жасалып жатыр. 

Неге бұлай дерсіз. Үкімет пікір білдіру еркіндігі мен сөз бостандығына аса мән бермейтін, әр адамның пікірі мен сенімдері артынан жамандық болады деп қорықпастан айтылуына қолайлы жағдай жасамайтын, журналистер мен БАҚ ештеңеден қорықпастан зерттеу жүргізіп, қоғам мүддесіне сай ақпарат жариялай алмайтын елдерде осылай болады. 

Әлемде журналистер кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында өздерін қауіпсіз сезінуі үшін сенімді құқықтық кепілдіктер бар. Ендеше, неліктен әлі күнге дейін журналистерге шабуыл жасалып, олар өлтіріліп, бас бостандығынан айырылып келеді? Өйткені көптеген елдердің үкіметі ол кепілдіктер мен журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмдерін жүзеге асыруға асығар емес. 

2016 жылы зерттеуші-журналист Павел Шеремет өлтірілді. Киевте көшеде өзі мінген көліктің астына жарылғыш зат қойылған. Шеремет – Беларусь азаматы, 2010 жылы кәсіби қызметі үшін азаматтығынан айырылған, 1998 жылы журналистерді қорғау комитетінің Халықаралық баспасөз бостандығы сыйлығын иеленген. Павел Шеремет қазақстандық БАҚ және ҮЕҰ серіктес болған, Қазақстанға жиі келіп тұратын. Оның өлімі әлі тергеліп жатыр. 

Соңғы бес жылда журналистер жұмысы үшін ең қауіпті ел – Сирия болып келеді. Бұл елде 2016 жылы 14 журналист өлтірілді, ал қақтығыс басталғалы бері онда қаза тапқан журналситер саны 107 адамға жетті.