«Журналистердің қауіпсіздігіне қауіп төніп тұр: қақтығыстар, шабуылдар, өлтіріп кету жағдайлары»

Журналистер құқығын қорғау комитетінің статистикасы. «Әділ сөз» қорының Қазақстан бойынша 2016 жылғы статистикасы.  

Ел ішінде немесе кәсіби журналистік қауымдастық ішінде болған соң, еліміздегі сөз бостандығы, баспасөз бостандығы деңгейін объектив бағалай алмаймыз. Субъектив түрде бағалар болсақ, «иә, сөз бостандығы жөнінен бізде бәрі дұрыс» деген мен «Қазақстанда сөз бостандығы жоқ» дегенге дейінгі кез келген жауап беруге болады. Қайсыбір елдегі сөз бостандығы мен баспасөз бостандығы деңгейіне қандай да бір объектив баға халықаралық рейтингтерде ғана көрсетіледі.

«Freedom House» және «Reporters without borders» халықаралық ұйымдары ондаған жылдан бері  «Freedom of the Press» және «World Press Index Freedom» рейтингтері көмегімен бүкіл дүниежүзіндегі сөз бостандығы мен баспасөз бостандығы деңгейін өлшеп келеді. Осы рейтингтердегі Қазақстандағы сөз және баспасөз бостандығының жағдайы қандай?

2016 жылғы Freedom House рейтингінде Қазақстан 84 балмен 202 елдің ішінде 183-орында тұр. Қазақстан «еркін емес БАҚ» бар елдер тізіміне енгізілген. Рейтинг әдістемесі журналистер мен БАҚ жұмыс істейтін саяси (ең жаман баға – 40 балл), құқықтық (30 балл) және экономикалық (30 балл) ортаны зерртеуге негізделген. 9 балл иеленген Норвегия 2016 жылғы Freedom House рейтингінде көш бастап тұр.

«Шекарасыз репортерлердің» 2016 жылғы индексінде Қазақстан 54,55 балл жинап, 180 елдің ішінде 160-орында тұр. Бұл рейтингтің көшбасшысы – 8,59 балл алған Финляндия. Freedom House рейтингіндегі сияқты, Қазақстанның «көршілері» – БАҚ жағдайы бізден де төмен елдер. 

Freedom House баяндамасында Қазақстанның журналистері мен БАҚ жұмыс істейтін экономикалық және саяси орта ауыр екені атап өтіледі: журналистерге шабуыл жасалады, жала жапты деп айыпталады, заңдар мен шектеулер тым қатал, соның салдарынан өзіндік цензура туындап, қазақстандық БАҚ тұшығып жатыр.