Жеке басыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:

  1. Әрдайым жаныңызда редакция куәлігін және журналистің құқықтары туралы ескертпені («Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңының 20-бабы) алып жүріңіз. 
  2. Сайлаудан хабар тарататын болсаңыз – қай сайлау учаскесіне баратыныңыз көрсетілген редакция тапсырмасын өзіңізбен бірге алып жүріңіз.
  3. Төтенше жағдайлар, наразылық шаралары немесе бұқаралық шаралар, шерулерден хабар тарату кезінде, сондай-ақ, қылмыс, террорлық акт, ереуіл, әскери операция болған жерде жүрсеңіз – денеңізді қорғау және тұлғаныңызды тану құралдарын ала жүріңіз. Кем дегенде, «ПРЕССА» деген жазуы бар ашық түсті бешпет, қажет болса – дулыға киіп алыңыз. 
  4.  Жалған атпен журналистік зерттеу жүргізсеңіз, өзіңізді журналист ретінде танытатын құжаттардың бәрінен құтылу керек. 
  5. Өзіңізге, әріптестеріңізге қоқан-лоққы жасалса, жеке мүлкіңізді немесе редакция мүлкін қирату, денеңізге жарақат салу фактілері болған жағдайда – бәрін камераға, суретке түсіріп, куәгерлер мен кінәлі адамдарды есте сақтап алуға тырысыңыз. 
  6. Өзіңізге, әріптестеріңізге қоқан-лоққы жасалса, жеке мүлкіңізді немесе редакция мүлкін қирату, денеңізге жарақат салу фактілері болған жағдайда құқық қорғау органдарына шағым түсіріңіз. Қылмыстық іс қозғатып, оны ақырына дейін жеткізіңіз. 
  7. Азаматтық сот істері бойынша ашық процестерден хабар тарату кезінде сот отырысы барысында іске қатысы бар тараптар мен судьяның рұқсатынсыз-ақ әлденені түртіп алуға, аудио жазып алуға құқығыңыз бар.  
  8. Сот отырысы болып жатқан залда кино- және фототүсірілім, видео жазып алу және Интернет желісінде тікелей трансляция жасау үшін сот ісіне қатысы бар адамдар мен судьяның рұқсаты керек және уақытына шектеу қойылады. 
  9. Қылмыстық істер қаралып жатқан сот залында фото және видео түсіру үшін іске қатысы бар адамдар мен судья түсірілім уақытына шектеу қойылуы мүмкін. 
  10. Тұтқынға алынсаңыз, бірден редакцияңызға, адвокатқа немесе заңгерге хабарласыңыз.