Ақпарат алу жөніндегі кеңестер:
- Ашық және шектеулі ақпарат көздерінен өзіңізге қажет ақпаратты алыңыз.
- Мүмкін болған жердің бәрінде аккредитацияланыңыз. Аккредитациясы бар журналистің ақпарат алуға мүмкіндігі көбірек.
- Ақпарат көзі бола алатын адамдар – кез келген журналист үшін құнды ресурс. Өзіңізге пайдасы тиер, керегі болар маңызды да тиімді ақпарат көздерімен байланыс орнатыңыз.
- Түрлі органдар мен мекемелердің баспасөз қызметімен, баспасөз хатшыларымен достық қарым-қатынас орнатыңыз.
- Ақпарат алу процедураларын қатаң ұстаныңыз. Сұраныстар мен шағымдардың типтік нысандарын қолданыңыз. Сұранысыңызға үш күнде жауап келмесе, төртінші күні прокуратура органдарына немесе жоғары лауазымды тұлғаға шағым түсіріңіз, не болмаса сотқа жүгініңіз.
- Алынған жауаптарды, құжаттарды, ақпараттық хабарламаларды, интервью жазбаларын қаттап, архивте сақтаңыз.
Мазмұны
Журналистердің құқықтық, жеке басының және «желідегі» қауіпсіздігі
Қысқаша кіріспе
Неліктен қауіпсіздік мәселелері журналистер үшін маңызды?
«Журналистердің қауіпсіздігіне қауіп төніп тұр: қақтығыстар, шабуылдар, өлтіріп кету жағдайлары»
Қазақстандағы журналистердің қауіпсіздігіне қатысты 10 негізгі мәселе»
Жеке басыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:
Жеке басыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:
Ақпарат алу жөніндегі кеңестер:
Жарияланымдар мен сюжеттерді әзірлеу жөніндегі кеңестер:
Арыз, шағым, айыптаудан қорғану жөніндегі кеңестер:
Интернеттегі қауіпсіздік жөніндегі кеңестер:
Плагиаттан және заңсыз көшіруден қорғану жөніндегі кеңестер:
Бақылау сұрақтары