Жарияланымдар мен сюжеттерді әзірлеу жөніндегі кеңестер:
- Ақпарат жинау. Ақпарат жинау кезінде және ақпарат көздерімен сұхбаттасқанда әңгіме барысын сенімді тасымалдаушыда сақтап алыңыз (қойын кітапшасы емес). Диктофон немесе камераға әлдене жазып алмаса бұрын, оның қай күні жазылғанын және кіммен сұхбат екенін айтып алыңыз.
- Ақпараттың шындыққа сәйкестігін тексеру. Үшінші тұлғалардан немесе ұйымдардан алынған фактілер мен деректерді тексеру керек. Ондай тексеру барысында түрлі құжаттар, ресми хаттар, сот материалдары қолыңызға түсуі мүмкін. Ондай құжаттардың көшірмесін жасап алыңыз.
- Пікірлер мен фактілердің ара-жігін ажырату. Материалыңызда пікір мен фактінің ара-жігін ажыратып отырыңыз.
- Ақпаратты тексеруге уақыт болмаса. Алынған мәліметтерді тексеріп отыруға уақыт жоқ, материалды жариялау немесе сюжетті эфирге шығару керек болатын кездерде не істеу керек? Жауап біреу: толық тексерілмеген ақпаратты жариялаудың қажеті жоқ.
- Материал мәтінін түрлі тараптармен келісу. Кейіпкердің ар-намысы мен ресми беделін қорғау тұрғысынан «қауіпсіз емес» материалды ғана қақтығыс тараптарымен келісу керек. Келіскенде де, келістім деп қол қойғызып алып, қол қойылған дананы архивте сақтаған дұрыс.
- Материал мәтінін жарияламас бұрын заңдық қауіпсіздік тұрғысынан тексеру. Редакцияда журналистік материалдарды тексеріп отыратын заңгер болса жақсы. Ол болмаса, материал авторы өзіне қарсы шағым не арыз түсіруге себеп болатын қауіпті тұстарын өзі де бағалай алады.
Мазмұны
Журналистердің құқықтық, жеке басының және «желідегі» қауіпсіздігі
Қысқаша кіріспе
Неліктен қауіпсіздік мәселелері журналистер үшін маңызды?
«Журналистердің қауіпсіздігіне қауіп төніп тұр: қақтығыстар, шабуылдар, өлтіріп кету жағдайлары»
Қазақстандағы журналистердің қауіпсіздігіне қатысты 10 негізгі мәселе»
Жеке басыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:
Жеке басыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:
Ақпарат алу жөніндегі кеңестер:
Жарияланымдар мен сюжеттерді әзірлеу жөніндегі кеңестер:
Арыз, шағым, айыптаудан қорғану жөніндегі кеңестер:
Интернеттегі қауіпсіздік жөніндегі кеңестер:
Плагиаттан және заңсыз көшіруден қорғану жөніндегі кеңестер:
Бақылау сұрақтары