Арыз, шағым, айыптаудан қорғану жөніндегі кеңестер:
- Таратылған ақпаратқа қатысты жеке тұлғалардан да, заңды тұлғалардан да келіп түсетін кез келген шағым жазбаша түрде ұсынылуы керек. Материал кейіпкері редакцияға қоңырау шалып, наразылық танытса, оған осының бәрін жазып жіберуді ұсыныңыз. Заң редакцияларды хаттар мен хабарларға мұқият қарауға міндеттейтінін, сондықтан, жазбаша шағымдарын басшылық міндетті түрде қарастырып, тиісті уақытында жазбаша жауап беретінін айтыңыз.
- Жазбаша шағымдар (1) жай хат, (2) БАҚ бетінде жауап беруді талап ету және (3) жоққа шығаруды талап ету түрінде болуы мүмкін. Хатқа міндетті түрде және тиісті уақытында жауап беру керек. Жазбаша талаптарға жауап бермеу дұрыс емес. Сотқа жеткен ақпараттық даудың көбін соған жеткізбей шешуге болады.
- Арызданушы талап етіп отырған жауапты не жоққа шығаруды жариялауға асықпаңыз. Шешім қабылдар алдында бәрін өлшеп-пішіп алыңыз. Жауапты жариялауда тұрған ештеңе жоқ. Алайда, жоққа шығаруды жариялау – журналист не редакцияның кінәсін мойындауы деп танылады.
- Сотқа дейінгі реттеу процедурасын пайдаланыңыз. Редакцияға келіп түскен шағым-талаптарға жауап беріңіз, назар аудармай қоймаңыз.
- Сотқа дейінгі реттеу аясында жоққа шығаруды жариялау талабын қарастыру нәтижелерінің бірін таңдаңыз: себебін түсіндіре отырып бас тарту немесе талап етіліп отырған жоққа шығаруды БАҚ бетінде жариялау.
- Сотқа шақырту алсаңыз – қорықпаңыз. Сот ісінің материалдарымен танысып, үстіңізден түскен шағым неліктен негізсіз екенін түсіндіретін жауап хат әзірлеңіз.
- Істі сотқа жеткізбей шешу жолдарын қарастырыңыз.
Мазмұны
Журналистердің құқықтық, жеке басының және «желідегі» қауіпсіздігі
Қысқаша кіріспе
Неліктен қауіпсіздік мәселелері журналистер үшін маңызды?
«Журналистердің қауіпсіздігіне қауіп төніп тұр: қақтығыстар, шабуылдар, өлтіріп кету жағдайлары»
Қазақстандағы журналистердің қауіпсіздігіне қатысты 10 негізгі мәселе»
Жеке басыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:
Жеке басыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:
Ақпарат алу жөніндегі кеңестер:
Жарияланымдар мен сюжеттерді әзірлеу жөніндегі кеңестер:
Арыз, шағым, айыптаудан қорғану жөніндегі кеңестер:
Интернеттегі қауіпсіздік жөніндегі кеңестер:
Плагиаттан және заңсыз көшіруден қорғану жөніндегі кеңестер:
Бақылау сұрақтары