Тақырыпша бойынша кеңестер:

Конфликтінің бір тарабын жақтап, екінші жақты қаралап материал жазбаңыз. Онда сіз жанып жатқан отты одан сайын лаулата түсесіз. 

Болып жатқан оқиғаның эмоциясын сол қалпында беруге, өзіңізді бір тарапқа жатқызбауға, салқынқандылық танытуға тырысыңыз. Бірақ адамдардың нақты көмегі қажет болғанда, кәсіпті қоя тұрып, жәрдемдесіңіз. Осы тақырыпқа сай мына бір шағын деректі фильмді көруді ұсынамын: 

«Үкімет қайда қарап отыр?» деген жалпылама, адресатсыз айыптаулардың орнына нақты министрліктің не мекеменің алдына нақты талаптар қойып, олардың пікірін де қоса беруге дағдыланыңыз.