Тақырыпша бойынша тапсырмалар:

1. Мына ақпарат пен бейнеролик жай өмірден алынған, қарапайым жайт болып көрінуі мүмкін. Бірақ, мұнда «сезімтал журналистика» ережелерінің бұзылғаны да айқын. Сіз не байқадыңыз? 

2. Serke.org және zhasalash.kz сайттарында жарық көрген екі материалды «сезімтал журналистика» қағидалары бойынша талдаңыз. 

Материалдың объективтілігін 5 балдық жүйе бойынша бағалаңыз. 1 – өте төмен, 5 – өте жоғары.


Ұлттық бейтараптық (бір ұлтқа басымдық   бермеу, ұлтты кекесінмен, стереотиппен сипаттамау)

Қылмысты ұлтқа телімеу 
Екі тарапты берудегі үлесті сақтау 
Асығыс қорытынды жасамау 
Салқынқандылық (әсіреленген сурет, бояуын қоюлату фактілерінің   аздығы)
Тарихи фактілерге жүгінбеу 
Ұлтаралық қақтығыс емес, тұрмыс, әлеуметтік мәселе туралы айту 




3. Осы тараудың басындағы «Бақай» ықшамауданына қатысты оқиғаны қайта еске түсіріңіз. Ол туралы жазуға барардың алдында нені ескеруім қажет еді? Сіз сол туралы жазатын болсаңыз, оған қалай әзірленер едіңіз?