Тақырыпша бойынша тапсырмалар:

  1. Егер сіріңкелерді адамдар десек, онда бұл көріністі белгілі бір конфликтімен байланыстырып, қиялға ерік беріп көріңіз. Жағдайдың ушығуына түрткі болған жайттарды журналистің кәсібі деп ойлаңыз. Мәселен, «бөтен» сіріңкені араларынан қуып шығу – газетте жазылған «Бұл – біздің жауымыз» деген мақаладан кейін болуы мүмкін. Осы сияқты тағы үш оқиғаны табыңыз. 
  2. Конфликтінің қай кезеңінде оны тоқтатып, екі жақты сабырға келтіруге болатын еді? Үш мысал айтыңыз.